KZ   |    RU   |    EN
  +7 (7252) 455031

Әуежай туралы


«Шымкент» әуежайы шектеусіз әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдайтын халықаралық әуежай болып келедіТәулік бойы режимде жұмыс істеп, ол кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылауды толық көлемде қамтамасыз етеді. ИСО 9001:2008 халықаралық стандарттардың  ХСС талаптарына сәйкестік сертификаты және IQNet бірыңғай халықаралық үлгідегі сертификаты бар 
Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Жақын және Алыс Шығыстың елдеріне көліктік ағымдардың қиылысында, Ташкент қаласынан 100 км, Бішкек қаласынан 450 км, R482, B142, B114, P206, B30 халықаралық әуежолдарының қиылысында Алматы қаласынан 700 км қашықтықта, ыңғайлы орналасуы оны тура және транзиттік әуерейстерді жасау үшін өте пайдалы етеді.  
Әуежай жақын және алыс шетел елдеріне қатысты тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асыратын көптеген әуекомпанияларға қызмет көрсетеді, оның ішінде: «Эйр Астана», «СКАТ», «Трансаэро», «FLY Dibai», «BEK AIR», «S7» 
«Шымкент» әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарына, сонымен қатар ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдің қалаларына тұрақты рейстер жүзеге асырылады: Мәскеу, Новосибирск, Стамбул, Анталия, Үрімші, Дубай.


ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

    2

отырғызуға шығу

  

    2

тіркелу тұрғынтақ

  

  10

төлқұжат бақылау кабинасы

 




    2

жолжүк лентасы

      22

әуе кемелері үшін тұрақ


АЭРОДРОМ ПАРАМЕТРЛЕРІ 

—  Ұшу алаңы «В» классының аэродромдарына кіреді
—  Ұшу-қону алабының 3300х45 метр геометриялық өлшемі және жоғары тіреу қабілеті бар, әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдай алады
— Аэродромда жаңа жарықсигналдық жабдық орнатылды – жоғары қарқынды оттар ЖҚО-1, «Вайсала» фирмасының жаңа метеожабдығы
—  Екі қондыру курстарымен заманауи СП-90 курстық-глиссадтық жүйе орнатылды

Аэродром сертификациялау талаптарына және азаматтық аэродромдардың эксплуатациясына жарамдылық нормаларына сәйкес.