KZ   |    RU   |    EN
  +7 (7252) 455031

Тексерме және бақылау ережелері


ІШКІ РЕЙСТЕР


   

1.Рейске тіркелу

 
 
 
 
 
 
 
 

   

2. Құжаттарды тексеру

 



 




    

   

3. Ұшуға дейінгі тексерме

 



  




   

  

4Бортқа отырғызу   

Ішкі рейс жолаушыларына тіркелуден өткеннен кейін ұшуға дейінгі тексермеден өту қажет. 


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР



   

1.Рейске тіркелу

 


   
   

2. Кедендік бақылау

 


   
   

3. Шекаралық және көші-қон тексермелері

 


   
   

4. Ұшуға дейінгі тексерме

 


   
   

5. Бортқа отырғызу

Халықаралық рейстер жолаушыларына тіркеуден, кедендік, шекаралық және көші-қон бақылауларынан, сонымен қатар ұшуға дейінгі тексермеден өту қажет. Ұшуға дейінгі рәсімдерден өту үшін қолда төлқұжат пен басып шығарылған отырғызу талонын ұстау қажет. 

  Құрметті жолаушылар, төлқұжат және кедендік бақылау аумағында кез-келген фото- және бейнетүсірілімге тыйым салынады! 


Ұшуға дейінгі тексерме

Ұшаққа отыру алдында барлық жолаушылар және жолжүк міндетті түрде ұшуға дейінгі тексермеден өту керек. Ұшуға дейінгі тексермеден өтуден бас тартқан жолаушы ұшуға жіберілмейді! 

Ұшуалды тексермеден өту бойынша нұсқау:

     

1. Төлқұжат пен билетті дайындау

 


  
 

2. Заттарды себетке салу

 


 
   

3. Металлдетектор арқылы өту 

Тексермеден өту үшін ұсынымдар: 

— төлқұжат пен билетті қолыңызда немесе қалтаңызда ұстаңыз; 
— металлдетектордан өтуге дейін қалтаңыздағы барлық заттарды (ең алдымен металл заттарды) сөмкеге салыңыз; 
— сырт киіміңізді, белбауды, бас киімдеріңізді, шарфтарды шешіңіз және оларды ұшу алдындағы тексерме залындағы себеттерге салыңыз; 
— электрондық құралдарды (телефондар, плеерлер, ноутбуктер) жеке контейнерге салыңыз;

   Жолаушылар тексермені өткізіп жатқан әуежай қызметкерлерінің барлық талаптарын орындауға міндетті. 



 Кірелеу үшін шектеулер

Жолжүгінде және қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынады:

Магнит материалдарды
— Шок әрекетіндегі құралдарды
— Радиоактивтік заттарды
— Улы және уытты заттарды
— Қысылған және сұйылтылған газдарды: өздік қорғаныс баллоншалары, оттықтар
— Оңай жанғыш заттарды
— Жанғыш қатты заттарды
— Коррозиялық, ащы-улы заттарды
— Жарылғыш заттарды және олармен толтырылған заттарды 
— Зауыт орамасы, тиісті техникалық төлқұжаты және сертификаты жоқ, құрамы белгісіз кез-келген заттар мен сұйықтықтарды.

Қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынады: 

—  Сыйымдылығы 100 мл артық сыйымдылықтардағы сұйықтықтар мен гельдерді
—  Кез-келген типті қаруды және оны имитациялаушы заттарды
— Қадаушы-кесуші заттарды
— Соғу-бөлшектеу әрекетіндегі құралдарды
— Жұмысшы құрал-саймандарды

   Егер Сіз қол жүгіңізде ұшаққа кіргізілуі мүмкін емес затты (заттарды) тіркелу тұрғынтағында тапсырмасаңыз, ол заттар алып қойылады.