Қауіпсіздік
Сізге «Әуежай Шымкент» АҚ қауіпсіздік саясаттарымен танысуды ұсынамыз.
Құжаттаманы жүктеу:
«Әуежай Шымкент» АҚ қауіпсіздік саясаты
Авиациялық қауіпсіздік саласындағы саясат
Ұшулар қауіпсіздігін басқару жүйесі
ДЕРЕКТЕРДІ ЕРІКТІ ЖӘНЕ ҚҰПИЯ ҰСЫНУ ЖҮЙЕСІ
«Шымкент халықаралық әуежайы» АҚ деректерін ерікті және құпия ұсыну жүйесінің негізгі мақсаты ұшулар қауіпсіздігін, техника қауіпсіздігін және авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қолданыстағы және әлеуетті кемшіліктер туралы деректерді жинау арқылы компаниямыздың авиация саласындағы қызметінің қауіпсіздігін арттыру болып табылады.
Деректерді ұсынуды қай кезде жүзеге асыру қажет:
Сіз:
— қауіпсіздік туралы деректерді ұсынудың басқа да белгіленген тәртібі немесе арналары жоқ болғанда
— қалған қызметкерлер оқиға немесе қауіпті факторлар туралы ақпараттан сабақ немесе пайда алсын десеңіз, бірақ өз атыңызды жария еткіңіз келмесеңіз
— деректерді ұсынудың басқа арналары немесе тәртібін пайдаланған болсаңыз, бірақ тиісті әрекет болмаған кезде деректерді ұсынуыңыз қажет
Хабарламаны қалай беру керек?
Егер Сіз әлдебір оқиғаның куәгері болсаңыз немесе ұшулар саясаты саласындағы проблема туралы хабарлағыңыз келсе, Сіз хабарлама нысанын толтырып, оны әуежайда орналасқан хабарламалар үшін жәшіктер арқылы немесе төменде көрсетілген ұшулар қауіпсіздігі қызметіне жолдай аласыз.
Хабарламалар аты-жөнін көрсетусіз тапсырылуы мүмкін, бірақ кез-келген жағдайда есепте көрсетілген ақпараттың құпиялылығына кепілдеме беріледі.