KZ   |    RU   |    EN
  +7 (7252) 455031

Жолжүк


Жолжүкті тасымалдау нормалары

Тегін жолжүкті тасымалдау нормасы – салмағы, өлшемі және орын саны – рейстің бағытына және жолаушыға қызмет көрсету классына байланысты және әуекомпания ережелерімен белгіленеді. Жолжүкті тасымалдау ережелері туралы ақпаратты әуекомпания сайтында және тасымалдаушының билет сату кеңселерінде алуға болады. Тегін жолжүк нормасы туралы ақпарат, әдетте, әуебилетінің тиісті бағанында немесе брондау кезінде көрсетіледі.

Жолжүкті тегін тасымалдау нормаларын өзіңіздің әуекомпанияңыздан міндетті түрде нақтылап алыңыз. Әдетте бизнес-класс жолаушысы өзімен бірге орташа 40 килограммдық жүкті тегін, ал эконом-класс жолаушысы – 20 килограммдық жүкті ала алады. Бизнес-класстағы қол жүгі, әдетте, 10-15 килограммнан, ал эконом-класста – 8 килограммнан аспайды. 

Нормадан жоғары багаж – бұл салмағы немесе орын саны әуекомпаниямен сіздің қызмет көрсету классы үшін белгілеген тегін тасымалдаудың нормасынан асатын жолжүк. 

Өлшеуден және рәсімдеуден кейін нормадан жоғары жолжүк болған жағдайда, әуежай қызметкері қажетті мәліметтерді көрсетіп, төлеу үшін сізді кассаға немесе әуекомпания өкіліне жібереді. Нормадан жоғары жолжүкті тасымалдауға тарифтерді тасымалдауды жүзеге асыратын әуекомпания белгілейді. Төлегеннен кейін сізге ақылы жолжүктің түбіртегін алу қажет, оны тіркеу қызметкеріне көрсету керек, содан соң сізге отырғызу талоны беріледі.

   Нормадан жоғары жолжүкті тасымалдау шарттарын әуекомпания кеңсесінде алдын ала білуді ұмытпаңыз!


Габаритті емес жолжүк

Габаритті емес жолжүкті  (жолжүктің бір орын габариті 50×50×100 см артық) тасымалдауға әуекомпания қосымша төлем алады. Төлем әуежай кассасында немесе әуекомпания кеңсесінде жүргізіледі. Төлегеннен кейін сізге ақылы жолжүктің түбіртегін алу қажет, оны тіркеу қызметкеріне көрсету керек, содан соң сізге отырғызу талоны беріледі. Габаритті емес жолжүкті тасымалдау ережелері туралы ақпаратты әуебилетті сатып алу кезінде нақтылау қажет. 


Бұзылған немесе жоғалған жолжүк

Жолжүкті беру аяқталғаннан кейін, оның бұзылуын, құрамындағы бөлшегінің жетіспеуін анықтағанда немесе сіздің жолжүгіңіз жоқ болған жағдайда, жолжүкті беру залынан шықпай, Әуекомпания өкіліне баруыңыз қажет. Ол тиісті актіні жасайды және сізге кейінгі әрекеттердің тәртібін түсіндіреді. Егер сіз акті жасамай, жолжүкті беру залынан шығып кетсеңіз, актіні жасау туралы шешімді тек тасымалдаушы әуекомпанияның өкілі ғана қабылдай алады. Іздестіру нәтижелері туралы ақпарат сізге хабарланады. 


Буып-түю

Ұшып кету/келу залының кіруінде сіз жолжүкті буып-түю қызметін пайдалана аласыз, ол арнайы қондырғылардың көмегімен жүзеге асырылады. 

Жолжүк бірлігін буып-түю бағасын 1000, 1500 теңге құрайды.